Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір-біріне көмек қолын созуда. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше бүгін де қалалық пробация есебіндегі азамат өзі секілді азаматтарға көмек көрсетті. Ол өз қаражатына тұрмыс жағдайы төмен 2 отбасыға қол ұшын созып, азық-түлік алып берді.
«Кең болсаң, кем болмайсың»,- дейді дана халқымыз.Қайырымдылық жасау үшін дәулетті болудың қажеті жоқ, жүрегіңде мейірімділік болса жеткілікті. Көмекке мұқтаж жандарды өз көзімізбен көріп жүрген соң, көмектесуге бел будым. Бірінші кезектегі қажетті азық-түліктер : май, қант, шәй,басқа да заттарды алып бердім. Қолымнан келгенше есептегі азаматтарға көмек көрсетемін»-, деді есептегі жомарт азамат.
«Осындай шаралар арқылы бұл азаматтар өзгелерді де осындай көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырады. Олар бір- біріне көмек беріп, қиындықта қалған жандарға жанашырлықпен қарап, аяушылық таныту секілді ізгі қасиеттерді өмірлік қағидаларына айналдыра алады. Қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтамайды, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардиханов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<