Футболдан Чемпиондар лигасында «Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті

705

0

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында алғашқы ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойында «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» командалары кездесті. Мамандар ағылшындық клубтың басымдығына алдын-ала болжам жасаған еді. Дегенмен ойын барысында командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті.

Алдымен «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне 2, Габриэль Жезус 11-минуттарда мергендік танытса, оған испандық клубтан Карим Бензема 33-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Фил Фоден 53, Бернарду Силва 74-минуттарда гол соқты. Ал «Реал Мадрид» қатарынан Винисиус Жуниор 55, Карим Бензема 82-минуттарда екі голдың авторы атанды. Осылайша, «Манчестер Сити» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде «Манчестер Сити» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Испандық клуб оларды 2016 жылдың 4 мамырында 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Екі команданың қарымта ойыны 4 мамырға белгіленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<