Фото: Mohammed Salem/Reuters
Газа секторында Қазақстан азаматы мерт болды, деп хабарлайды Kazinform Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, онымен бірге 23 жастағы қызы да көз жұмды. Қыз Палестина азаматы болатын» деп мәлім етті СІМ баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Газа секторында күйеуі Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыттан бері тұрып келген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<