Газада қақтығыс күшейді

770

0

Израиль армиясы кеше Газадағы Армал ауданын атқылап, «Ислам жиһады» тобы командирлерінің бірін мерт қылды. Бұл туралы аталған елдің қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, тағы 10 адам көз жұмып, 40-тан астамы жарақат алған. Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарат бойынша қаза болғандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Өз кезегінде «Ислам жиһады» Израильдің мұндай әрекеті жауапсыз қалмайтынын айтып, қарсы соққы жасайтынын жеткізді.

Осыған байланысты Газа секторымен шекаралас аудандарда жоғары дайындық режимі жарияланды. Тұрғындарға сақтық таныту керегі айтылды. Резервтегі 25 мың адам әскери қызметке шақырылды. Кешке қарай Газа секторы аумағынан оңтүстік және орталықта орналасқан қалаларға зымыран атыла бастады. Әзірге зардап шеккендер туралы дерек жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<