Газадағы аурухана жанармай тапшылығына байланысты 48 сағат ішінде жұмысын тоқтатады

392

0

Фото: Анадолы

Қоршауда қалған Газа секторындағы Дейр аль-Балах қаласында жұмыс істеп тұрған соңғы «Әл-Ақса шейіттері» ауруханасы жанармай тапшылығына байланысты 48 сағат ішінде жұмысын тоқтатуы мүмкін.

Бұл туралы Палестина эксклавы үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған, деп жазады Anadolu.

«Әл-Ақса шейіттері ауруханасының басшылығы жанармайдың 48 сағат ішінде таусылатынын және медициналық қызметтердің тоқтатылатынын айтты», – делінген хабарламада.

Газа билігі Израильдің Газа секторындағы шабуылдарының салдарынан 33 аурухананың жұмыс істемей тұрғанын еске салды.

Сонымен қатар, Газа билігі егер аурухана жұмысын тоқтатса, науқастар мен зардап шеккендердің, атап айтқанда реанимация бөліміндегі науқастар мен инкубаторлардағы жаңа туған нәрестелердің өміріне үлкен қауіп төнетінін айтты.

Аймақ билігі қазіргі жағдай үшін Израиль мен АҚШ әкімшілігін айыптады, сондай-ақ халықаралық мекемелер мен ұйымдарды «кеш болмай тұрып» ауруханаға тезірек жанармай жеткізуге шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<