Газадағы құрбандар саны 36,5 мыңнан асты

137

0

Фото: Anadolu

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мың 586-ға жетті, 83 мың 74 адам жарақат алды.

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылды, деп жазады Anadolu.

Министрліктің мәліметінше, соңғы тәулікте анклавтың тағы 36 азаматы қаза тауып, 115-і жарақат алған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта Израиль әскерлері Газа секторының әртүрлі аймақтарында 4 «қырғын» жасады.

Хабарда қаза тапқандардың денелерінің әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<