Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде Джефф Безосты басып озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Tesla және SpaceX бас директорының байлығы 188,5 млрд доллар, ал Безоста одан бір жарым млрд-қа аздау қаржы бар. Amayon басшысын озып кетуге Tesla акцияларының қор биржаларында шамамен 5% өсуі сеп болды.
Соңғы жылда Масктің қаржысы $150 млрд-қа өскен, 2020 жылдың қаңтарында Bloomberg рейтингінде бизнесмен 35-орында болған. Алайда тұрақты табыс пен S&P 500 индексіне артуыынң арқасында 2020 жылы Tesla акциялары 743%-ға өсіп, Маск 150 миллиардтан астам долларға табыс тапты. Сондай-ақ 2020 жылдың қараша айының соңында ол Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстен озып, аталған рейтингіде екінші орынға шықты.
Маск бұл жаңалықты еш эмоциясыз қабылдады: «Қызық екен. Жарайды, одан да жұмысқа кірісейік», – деп жазды ол Twitter парақшасында.
Безос әлемнің ең бай адамы атағын 2017 жылдан бері иеленіп келеді. Оның дәулеті 184 млрд долларға бағаланады. Forbes және Bloomberg Billionaires Index ресми рейтингілері әлі жаңартылмаған, өйткені қор биржаларындағы сауда-саттық әлі жалғасуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<