Ішкі талдау жүргізілді

596

0

Қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана, құқықтық мәдениет, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызы арта түсуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шар­уашылық басқармасының сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар іс-шаралар  атқарылды.

Жыл сайын құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері ­бойынша құқықтық оқытулар өткізіледі. 

Интернет-ресурстардағы порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы бөлім тұрақты түрде жұмыс істейді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен таныстырылады. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытына, ұйым­дастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірнеше мәрте ішкі талдау жүргізілді.

М.АЛИЕВА,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<