Израильдің Бейрутке жасаған шабуылынан Хасан Насралламен қатар ИРСК басшысы қаза болды

276

0

Фото: Анадолы

Түркияның Анадолы агенттігі Израильдың Бейрутке жасаған шабуылынан кейін «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралла мен Ислам революциясы сақшылары корпусының басшысы генерал-майор Аббас Нилфурушан қаза болғанын хабарлады.

Нилфурушан Иранның қолдауына сүйенетін Ливан мен Палестинадағы топтармен ұзақ уақыт байланыста болғандықтан, Әл-Құдс күштерінің негізгі қолбасшыларының бірі ретінде танымал болды.

«Иранның IRNA ресми жаңалық агенттігі Нилфурушанның да Бейрутқа жасалған шабуыл кезінде қайтыс болғанын хабарлады. Генерал-майор Нилфурушан сәуір айында Израильдің Дамасктегі Иран консулдығына жасаған шабуылынан кейін қайтыс болған генерал Мохамад Риза Захидидің орнын басқан болатын», – деп жазады агенттік.

Еске салсақ, Изарильдің Бейрутке жасаған шабуылынан кейін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи өз үйінде Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің шұғыл отырысын шақырды.

Осыған дейін Ливанның радикалды шииттер қозғалысы «Хезболла» өзінің жетекшісі Хасан Насралланың Израильдің Бейрутқа жасаған соққысынан қаза болғанын растағанын жаздық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<