Израильдің Газадағы шабуылынан 11 журналист қаза тапты

530

0

Фото: aa.com.tr

7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылынан 11 журналист қаза тауып, тағы 20-дан астам БАҚ қызметкері жарақат алды. Kazinform бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Палестина журналистер одағы еркіндік комитетінің баяндамасында айтылған.

Хабарламада екі БАҚ қызметкерінің із-түзсіз жоғалып кеткені де атап өтілді.

Құжатта палестиналық журналистерге шабуыл жасаудың көбеюіне назар аударылып, 20-ға жуық журналистің үйіне шабуыл жасалғаны көрсетілген.

Сонымен қатар, баяндамада журналистердің үйлеріне жасалған шабуыл кезінде олардың отбасыларының мүшелері қаза тапқаны және жарақат алғаны жазылды.

Израиль жаудырған оқтан «Әл-Жазираның» кеңсесі, Палестина теледидары, «Акса» медиа желісі, «Маан» ақпарат агенттігі, «Әл-Кудс» газеті және кейбір радиостанциялар зардап шекті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<