Экологиялық акцияға қатысты

413

0

Сенбі күні «Birge Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті, Жалаңтөс баһадүр ескерткішінің маңайы тазаланды.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мұндай шаралар облыс бойынша ұйымдастырылды.

Осыдан екі жыл бұрын экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған акцияның мақсаты тұрғындардың бойында экологиялық мәдениетті қалып­тастыру, қоршаған ортаны қорғау жұмысына еріктілерді тарту болатын. Содан бері эко-челлендж елімізде тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Бұл күні мешіт пен ескерткіш маңайын Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мемлекеттік инс­пекциясының қыз­меткерлері таза­лады. Олар біркісідей жұмылып, осы маңға күтіммен қарап, ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Соның айқын дәлеліндей, бірнеше жыл бұрын еккен шыбықтары қазір бой көтеріп, жайқалып тұр.

Айта кету керек, ауқымды ак­цияға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы, облыстық экология департаменті, ҚазСуШар РМК облыстық филиалы, «Арал-Сырдария» бассейндік балық инспекциясы, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясы, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мем­лекеттік мекемесі, «Табиғат» мекемесі қызметкерлері қатысты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<