Электр энергиясы 1 сәуірден бастап 15% қымбаттайды

921

0

aikyn.kz Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты.

«Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінің шекті тарифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<