Электронды қызмет көрсету мәселелері қаралды

374

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік мекемелердегі электронды қызмет көрсету мәселелерін талқылады. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі көрсеткіштерді тізбеледі.

Биылғы жылдың 5 айында облыс көлемінде жалпы 2 666 076 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 1585 850 қызмет «электрондық үкіметтің»  веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы, 34485 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 1045 481 қызметті мемлекеттік органдар қағаз түрінде көрсеткен.

Қазір жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 173 түрін көрсетеді. Электронды түрде 141 қызмет түрі қолжетімді. Қалған 18 қызмет түрін жыл соңына дейін орталық атқарушы органдар автоматтандырады деп жоспарлануда.

Жиында Юлия Тремасова «Электрондық қызметтерді алу орталығы» ашылғалы бері 27345 электронды қызмет көрсетілгенін атап өтті. Орталық арқылы тұрғындар қызметтерді электронды түрде өздігінен алады.

Сонымен қатар, облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, орта және мектепке дейінгі білім беру органдарында, емханаларда, ауруханаларда электронды қызметтерді алу үшін 900-ге жуық «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған. Айта кетейік, өңірде өткен жылы Zoom платформасы арқылы 6 бағыт бойынша 12 онлайн-семинар, биыл 5 айда 4 онлайн және 1 офлайн семинар өткізілді.

Жиын соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына электронды қызметтерді көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелеуді, қызметтердің уақытылы көрсетілуіне баса мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындардың қызметтерге қолжетімділігі бойынша түсіндірме жұмыстарын кешенді түрде жүргізуді және талдау жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<