Фото: Gabriela Motta/Pixabay
Калифорнияда сәрсенбі күні 1 миллиард АҚШ долларлық ұтыс шыққан лотерея билеті сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі ұтыста 7, 10, 11, 13 және 24 нөмірлері, Powerball-да 24 нөмірі ұтысты болды. Джекпот билеті Лос-Анджелестегі Лас-Пальмитас кіші нарығында сатылды, деп хабарлады лотерея өкілі.
Джекпоттың қаржылық құны салықты алып тастамағанда 516,8 миллион АҚШ доллары болды.
Лотерея өкілінің мәліметі бойынша, Флорида, Пенсильвания мен Род-Айлендте сатылған үш билет иелеріне 2 миллион доллардан табыс әкеледі. Сондай-ақ Калифорния, Коннектикут, Флорида, Иллинойс, Индиана, Кентукки, Массачусетс, Мэриленд, Миссури, Нью-Гэмпшир, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Огайо, Техас, Висконсин және Батыс Вирджинияда да жеңімпаздар болды. Олар 1 миллион АҚШ долларынан алады.
Лотерея жеңімпазында таңдау бар, ол 30 жыл бойы жыл сайын төлем жасап тұрса болады. Бірақ жылына сома 5%-ға өсіп отырады және ұтысты бірден төлеп алуына болады.
Бұл джекпот ойыны Powerball үшін 31 жылдық тарихындағы есте қаларлық жағдай болды: джекпот үшінші рет миллиард долларға жетті.
Powerball лотереясы тарихындағы ең үлкен джекпот, яғни 2,04 миллиард АҚШ долларын 2022 жылдың қарашасында Калифорния штаты, Альтадена қаласының тұрғыны ұтып алды.
Сондай-ақ Powerball лотереясының джекпоты 2016 жылдың қаңтарында миллиард доллардан асты. Ол кезде үш билет 1,586 миллиард доллар көлемінде жүлде ұтқан.
Powerball дерегінше, джекпот ұтып алу мүмкіндігі 292,2 миллионның бірі ғана.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<