Камалжан Надыров Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Камалжан Надыров биыл маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Ол өзінің жеке өтініші бойынша бұл қызметтен босатылды»,- деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Оның орнына басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Жанар Мадеева тағайындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<