Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған Арал ауданының Райым ауылына престелген 300 дана жоңышқа шөбі жөнелтілді.
Бұл шараны «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Керделі» бастауыш партия ұйымына қарасты «Жиделіарық» партиялық тобының жетекшісі Ерлан Әбілдашев ұйымдастырды. Берекелі іске «Жиделі-1» шаруа қожалығы, ерікті азаматтар мен қоғам белсенділері қолдау білдірді.
Жалпы, атап өту керек бұған дейін облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық партия филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мағжан Ералиевтің қолдауымен «Jas Otan» ЖҚ бастамасымен басталған «Аралмен біргеміз!» акциясы аясында 1000 дана жоңышқа пресі жөнелтілсе, қуаңшылық қыспаққа алған аралдықтарға жалағаштық партияластар да қол ұшын созды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<