Көмір мөлшері мен бағасына мониторинг жасалды

596

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері күннің күрт суытуына орай қала тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, көмір бағасына зерделеу жүргізді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда қаланы қатты отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында «KHASCOM» және «Қарымсақов» жеке кәсіпкерлерімен меморандум жасалған. 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін көмір көлемі шамамен 38 000 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда қалаға қажетті қатты отынның 33 000 тоннасы әкелінген.

Зерделеу барысында Мұстафа Шоқай көшесі бойындағы «KHASCOM» жеке кәсіпкерлігі 4 вагон (276 тонна) «Шұбаркөл» көмірін вагоннан түсіріп, 14 400 теңгеден сатуда. Сонымен қатар, 8 вагон көмір Қызылжар станциясында тұрғанын жеке кәсіпкерлік өкілдері жеткізді. Сондай-ақ, «Қарымсақов» жеке кәсіпкерлігінде 2 вагон «Таскөмір» жолда келе жатқанын қала әкімдігінің өкілдері айтып өтті.

Көмір мөлшері мен бағасына мониторинг жасалды

Партиялық бақылау комиссия мүшелері Қызылорда қаласы әкімдігіне қаланы және қалаға қарасты елді мекендерде қатты және сұйық отындарға тапшылық орын алмау мақсатында күнделікті қадағалауды және тиісті жұмыстар жүргізуді ұсынды.

Жалпы жылу беру маусымы кезеңінде қала аумағындағы көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер тарапынан барлығы 60 000 тонна көмір әкелу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<