Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қазан айының 11-28 аралығында облыс аумағында “Нелегал-Кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 15 күнінің нәтижесінде жалпы 743 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік анықталды, сонымен қатар шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 294 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 21 азаматы республика аумағынан аластатылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<