Литвада президент сайлауы өтіп жатыр

374

0

Фото: dw.com

Литвадағы президент сайлауына қатысатын 2,5 миллионға жуық сайлаушы алдағы бес жылда аталған елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымды кім атқаратынын шешеді. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі жазды.  

Сауалнамаларға сәйкес, сайлауда айқын фаворит Литваны 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан 59 жастағы кәсіби экономист – Гитанас Науседа. Онымен бірге сайлауға тағы 7 үміткер түсіп, бақ сынауда.

Сайлау учаскелері Мәскеу уақытымен сағат 20.00-де жабылады, алғашқы қорытындылар 13 мамырға қараған түні белгілі болады. 

Үміткерлердің ешқайсысы абсолютті көпшілік дауысқа ие болмаса, 26 мамырда Литвада сайлаудың екінші туры өтеді. Онда ең көп дауыс жинаған екі кандидат кездеседі. Бұл ретте елде қос азаматтықты енгізуге қатысты референдум өтіп жатыр. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<