Мемлекеттік қызмет мектебі

1259

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Рафхат Бисенов пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректоры Бейбіткүл Кәрімова әріптестік меморандумына қол қойды.

Басқосуда университет ректоры әріп­тестік бағытта жұмыс істеудің тиім­ділігін және өткен жылы іргелі оқу орнын тәмамдаған түлектердің 90 проценті жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие бол­ғанын атап өтті. Ал, Рафхат Бисенов келісім аясында 3 негізгі бағыт қамтыл­атынын баяндады.

– Бірінші, мемлекеттік қызметке кадрларды дайындау сапасын көтеру, кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында университетте «Мемлекеттік қызмет мек­тебі» жобасын жүзеге асыру керек. Жаңа фор­маттағы кадр қызметкерлерін дайындау мақсатында HR-мамандарды оқытуды қолға ала аламыз. Бұл үшін университет базасында «Адам ресурстарын басқару» бағдарламасын жүзеге асыруға болады. Бұл бағдарлама жаңа жылдан бастап енгізіледі, алдағы уақытта арнайы мамандық ретінде де ашу мүмкіндігі қаралады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, электронды форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін көбейту және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында университетте «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын» ашу көзделуде, – деді департамент басшысы.

Меморандумға сәйкес, университетті біті­руші курс студенттерінің ҚР Прези­денті­нің жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­миясының Қызылорда облысы бойынша фи­лиалы базасында шеберлік сабақтарынан өтіп, мемлекеттік органдарда өндірістік тәжіри­беден өтуі де жоспарда.

М.СНАДИНҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<