Міндет пен мақсат мәслихат мінберінде

967

0

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, тұрмыс-тіршілігіндегі түйткілдер биліктің қолдауын күтеді. Бұл ретте депутаттар халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында елмен етене жұмыс істеуге шақырды. Тұжырымдама партия атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттарына да үлкен міндеттер жүктейді.

Депутаттық міндеттері мен  құзы­­ретімізге сәйкес же­тек­шілік ететін мә­селелер, салалар айқын­дал­ды. Олардың ең негізгісі қоғам­дағы рухы биік қайсар жандарды қол­дау. Ерекше қажеттілігі бар азамат­тардың кедергісіз қолже­­тім­­ді­­лігін қамтамасыз ету мақ­са­тын­да, бұрын салын­ған тұр­ғын үй­лер­­дің, қоғамдық ғи­­­ма­раттардың (мен­­шік тү­рі­­не қа­­рамастан), аялдама­лар мен тротуарлардың 55%-ін мүм­кіндігі шектеулі аза­­­­­мат­­тарға қол­­жетімді етіп бейім­­­деу мәсе­лелері де бар. Мү­ге­­дектігі бар адам­­дарға өз бетінше, онлайн ре­жимде өз­дерінің жеке қажет­тілік­терін ескере отырып, көмекші ком­пенсаторлық құралдар мен әлеу­меттік қызметтерді сатып алу­ға мүмкіндік беретін әлеу­меттік қыз­меттердің бірың­ғай порталына то­лық көшудің де қа­жеттілігі туып тұр.

Сонымен қатар, балаларды инклюзивті біліммен толық қам­туды  100%-ке дейін арттыру қажет. Арал, Қазалы қала­ларында, Жалағаш, Те­рең­өзек, Шиелі, Жаңа­қор­ған, Байқоңырда 9 ресурс­тық инклюзивті ор­та­лықтарды ашу және оларды мамандармен қам­­та­масыз ету мәселелері де кезек күтіп тұр.

Қызылорда қаласында 2025 жыл­ға қарай қоғамдық кө­ліктерді то­лықтай электронды жүйеге көшіру бағыты да көп жұмысты қа­жет етеді.

Сайлауалды бағдар­ламам­ның негізгі бағыттарының бірі – электронды сауда мәде­ние­­­тін дамыту болатын. Қол­ма-қол ақшасыз есеп айы­рысу жүйесі бар сауда объек­­­­тілерінің желісін кеңейту қажет. Кәсіпкерлердің онлайн кас­­салық аппараттарын пайдалануын 100%-ке дейін жеткізу маңызды.

Сонымен бірге, кураторлық территориялық аумақтарым  Қы­­зыл­­орда қаласының  «Сәу­лет», «Саяхат» аумақтары болып белгіленді. Бұл ретте мәс­лихат депутаттығы барысында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату, проблемалар, мәселелерден хабардар болу мен үшін аса маңызды.

Бұған дейін екі рет секция жұмысына қатысып, көтерілген мәселелерді талқылауға қатыстым. Партияның ғимара­тында екі мәрте қоғамдық қабылдау өткіздім. Қа­былдауға келген тұрғындар баспана, құқықтарының бұзылуы, тиісті емдерін ала алмай жүргенін, т.б мәселелерін айтты. Өз депутаттық қызметімнің аясында барлық түс­кен өтініштерді зерделеп, тиісті ор­ган­дардың жауабын алып, ха­лыққа көмектесуге кірістім. Көп сұрақтар өз жауабын тапса, әлі қаншама мәселелер біздің араласуымызды, ашықтықты, заңдылықты күтіп тұр.

Елбасы, «Nur Otan» пар­тия­сының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев өзінің «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» пар­тиясының жеті серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасында, «Біз партияның күнделікті жұмысын айтарлықтай жандандырып, халық­тың сұра­нысына алдын ала жа­уап беруді үйренуіміз керек» және «Парт­ия мүшелері шенеунік емес, ха­лық­тың адамы екенін жадынан шығармауы тиіс» деген болатын. Ұлт көшбасшысының бұл сөздері бізге де үлкен жауап­кершілік жүк­тейді. Сон­дықтан біздің бел­сенді жұмысымыздан еліміз­дің бола­шағы мен беделі айқын­далады. Ашық әрі сапалы қызмет етуге күш саламыз.

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<