Мысырдың Хургада қаласында су астындағы мұражай ашылады

435

0

Қызыл теңіз провинциясының губернаторы генерал-майор Амр Ханафи су астынан алғашқы мұражай ашу жоспары туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұражай туристерге Хургададағы үш балама сүңгуір және су астында жүзу орындарын ұсынады және қоршаған орта және Қызыл теңіз қорықтары министрлігімен ынтымақтастыққа дайындалып жатыр.

Ондағы мақсат екеу – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көңілін көтеру және Қызыл теңіздің табиғи маржан рифтерін сақтау.

«Қызыл теңіз провинциясы жағалауындағы мұражай табиғи маржан рифтеріне жүктемені азайтуға және жаңа маржан рифтерін құруға, сондай-ақ тарихтың сүйкімділігі мен табиғат сұлулығын біріктіретін ұмытылмас әсер қалдыруға арналған», – дейді курорттық провинция басшысы.

Туристерді қызықтыратын жаңа көрікті жерлер – арнайы су басқан көліктер.

Мысыр шенеуніктері уәде еткендей, мұражайдан туристер «жасырын қазыналар мен теңіз жануарларын таба алады».

Теңіз түбіне үш жерде – Шааб-эс-Сакала, Урук-эт-Тавиль және Магавиштегі Арг-Джамада 15 техника суға батырылады.

Бұл Хургадада жаңа дайвинг орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Мұражай келесі бейсенбіде ашылады деп жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<