Нарықты сұраныс реттейді десек те…

403

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың тұрақтандыру қоры мен баға мониторингі бойынша есебін тыңдады.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­лары­ның ішінде 15 түрлі өнімнің бағасы жо­ға­рылап, 3 өнімнің бағасы төмендеген.

Басқарма басшысының айтуынша, күнбағыс майы мен қант баға­сының өсуі әлемдік нарықтағы сұра­ныстың жо­ғары­лауынан туындады. Ал, қара­құмық жар­масы­ның қымбаттауы сол өнімді өн­діруші солтүстік өңірлердегі түсім­нің төмен болуынан, сон­дай-ақ көршілес Ресейде де өнім бітік шықпай қалған. Ал, рожки бағасының өсуі бидай экс­пор­ты­ның ұлғаюы және оның қым­бат­тауына байланысты. Сонымен қатар, картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз нарқында да маусымаралық ке­зенде өсім бар. Мұндай жағдай рес­публиканың барлық аймағына тән құбылыс.

Баға тұрақтылығын сақтау мақ­сатында Түркістан облы­­сындағы картоп, қырық­қабат, сәбіз өсіруші шаруа­шы­лықтармен байланыс орнатылып, қазір бұл тауарлардың бағасы қалыпқа келген. Картоп – 140-145, сәбіз – 180-185, пияз – 130-135, қырыққабат 140-145 теңгеден сатылуда.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 190,4 млн теңгені құрайтын 1069,2 тонна өнім бар. Оның ішінде бірінші сортты бидай ұны – 616,5, күріш – 99, қант – 235,4, макарон – 73,3, қарақұмық жармасы – 21,9, сүт – 23,1 тонна.

Бүгінде тұрақтандыру қоры­­ның өнімдері мен заем беріл­ген 5 кәсіпкерлік субъектісі ар­қылы алынып жатқан өнім­дер Қызыл­орда қаласында орна­лас­қан 31 әлеу­меттік дүкенде, 1 әлеу­мет­тік маркетте және Қызыл­орда қаласының 5 ірі супер­маркеттерінде сатылуда.

Биыл қосымша 5 әлеуметтік дүкенді пайдалануға беру жос­­парланған. Айта кету керек, әлеу­меттік дүкендер мен бұрыштарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық­тан біршама төмен бағада сатылуда.

Сондай-ақ, баға тұрақтылығын сақтауда жыл басынан қала және аудандарда 15 жәрмеңке ұйымдастырылған.

Басқарма басшысы өңірде азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия құру тапсырмасына сәйкес оның құрамын бекіту жобасын келісуге ұсынды.

Тамыз айының алғашқы он­күндігінен бастап астық өндіруші өңірлерде бидай, ұн бағасының қымбаттауы байқалады. Бұл ретте облыс көлемінде нау­бай­хана иелерімен кездесулер ұйым­дастырылып, негізсіз баға кө­термеу жөнінде түсіндірме жұ­мыстары жүр­гізілуде.

Облыс әкімі азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп, негізсіз баға көтеруге жол бермеу керек екенін қатаң ескертті. Тұрақтандыру қоры жұмысын бақылауға алып, әлеуметтік ма­ңызы бар негізгі азық-түлік тауар­ларының жет­кілікті болуын мұқият қада­ғалауды тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<