NASA мамандары тарихта бірінші рет Perseverance ғаламшар бетінде жүрушінің бортында орналасқан құрылғы арқылы Марс атмосферасынан оттегі алды. Бұл туралы 21 сәуір күні сәрсенбіде америкалық ғарыш агенттігінің сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Негізгі компоненті көмірқышқыл газы болатын Марс атмосферасынан оттегі MOXIE тәжірибелі қондырғысы көмегімен алынды. NASA өкілдерінің пікірінше, бұл әдіс Марстан оттегі алып, оны сақтауға мүмкіндік береді. Барлығы шамамен 5 грамм оттегі алынды. Бұл бір ғарышкердің 10 минут демалуына жетеді. MOXIE алдағы уақытта «сағатына 10 грамм оттегі» өндіре алады деп күтілуде.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/nasa-tarihta-tungysh-ret-marstan-ottegi-alynganyn-habarlady_a3779422
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<