Фото: unsplash
Болжам бойынша Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісі мен Сенаты және БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қолдау көрсету» атты семинар барысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform.
Өзбекстан Республикасы Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар осы елде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары айлығының аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға шетелдік сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Семинарда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Сондай-ақ астық көлемінің кемуі, күн өткен сайын қиындап бара жатқан су тапшылығы, жердің құнарсыздануы, сондай-ақ тұрғындар санының арту мәселелері талқыланды.
«Өзбекстан үшін тәуекелдердің бірі тұрғындар санының күрт өсуімен байланысты болып отыр. Кейінгі 30 жылда мұндағы халық саны 15 млн адамға артып, бүгінде 36 миллионнан асқан. Болжам бойынша 2030 жылға қарай Өзбекстан тұрғындарының саны 40 млн адамға жетеді»,-деп хабарлайды ӨР Сенатының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жиында климаттың өзгеруі салдарынан және өзге де себептер бойынша су ресурстарының сарқылуы су ресурстарын басқаруда белсенді әрекет ету, су үнемдейтін технологияларды енгііп, қосымша су көздерін қарастыруды қажет етіп отырғандығы айтылды.
Ал жердің құнарсыздануы мен шөлейттенуі ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы мен экологиялық тұрақтылыққа кер әсер етіп отыр.
Айтылғандарға қоса баяндама жасаушылар Өзбекстанның кейінгі жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетістікке жеткен 10 елдің арасында алдыңғы қатарды тұрғанын атап өтті. Мұндай жетістік бақша өнімдері, картоп, көкөністер, жүзім, жемістер егістігі көлемінің ұлғайтылуымен және мал шаруашылығының дамуымен байланысты мүмкін болып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<