1 тамыздан бастап Өзбекстанда той-жиындарға 50-ден астам кісі шақыруға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Республикалық арнайы комиссия жауапты ұйымдардың тиісті ұсыныстарын ескере отырып, осы жылдың 1 тамызынан бастап тойханаларда, жанұялық той-жиындарын өткізуде 50-ден аспайтын адамға (жақын туыстары мен басқа туыстары) санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып рұқсат берді.
Бұған дейін осы жылдың 1 сәуірінен бастап отбасылық мерекелер, үйлену тойлары, тойлар мен салтанатты кештерге 100 адамнан аспайтын және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуі керек болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<