Ойынды мен Майлыбасқа ауыз су барды

641

0

Бүгінде Қазалы ауданындағы теміржол бойында орналасқан Ойынды және Майлыбас бекеттеріндегі ауыз су мәселесі өз шешімін тапты. Қазіргі таңда қос бекеттегі тұрғындар орталықтандырылған ауыз суды тұтынып отыр.

Бұл мәселені тұрғындар аудан басшысының назарына елді мекенге сапары кезінде жеткізген болатын. Сол уақытта аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыс орталығындағы тиісті орындарға хабарласып, бұл мәселені шешу жолдарын қарастырған еді. Сол жұмыстар өз нәтижесін берді.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ойынды және Майлыбас елді мекендеріне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде елді мекен тұрғындары айтылған өтінішті аяқ асты қалдырмаған аудан басшысына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<