31 мамыр: шаралар онлайн форматта өтеді

1481

0

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қызылордада онлайн форматта өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова осылай мәлімдеді.

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға енген барлық шаралар жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, облыстық кітапханаларда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Қазақ зиялылары және зұлмат жылдар» атты зиялы қауым өкілдері мен тарихшылардың онлайн форматтағы кездесуі өтеді.

«Нәубет жылдар – халық қасіреті» атты виртуалды тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылып, «Сыр Шаңырағы» youtube каналында драматург Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклі қойылады.Сонымен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, халықтың рухани санасын қалыптастыруға бағытталған «Байтұрсынов оқулары» онлайн шарасы өтеді. Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шаралар Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда арнасы» және «Мәдениет мәйегі – Қызылорда» атты YouTube каналында көрсетілетін болады.Сондай-ақ, «Сыр Шаңырағы» Youtube каналында «Елім-ай», «Тәуелсіздік мұраттары» атты облыстық жыршы-термешілердің концерті, «Сыр Бірлігі» Youtube каналында «Трагедия народа и уроки истории» атты өңірдегі тарихшылардың, этномәдени бірлестік өкілдерінің тарихи танымдық ой-пікірлері түсірілген бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылады», – деді ол.

Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері карантиндік және санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<