Жаңа жобалар көңіл қуантады

1351

0

Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың дамуына қатысты соны жаңалықтарды ұсынды. Біз елді аралау барысында да көріп жүрміз. Өңірдегі  халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған жұмыстарға оң баға беруге болады. Мәселен, жұмыссыздық деңгейінің сақталып, 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы, оның 14 мыңының тұрақты сақталуы өте жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ, құрылыс қарқыны төмендемей тұрғындардың баспанамен қамтылуы, мұнай өндіру көлемінің азаюына орай жаңа жобалардың қолға алынуы да елдегі жағдайдың тұрақтылығын көрсетуде.

Өздеріңіз білетіндей, пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық жүруде. 200 төсектік модульді инфекциялық аурухананың, оттегі станцияларының салынуы бізді қуантады. Қандай жағдайда да қамсыз отыруға болмайды. Сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Елдегі ендігі көңіл қуантарлық жай – көпбалалы аналарға гранттардың бөлінуі. Олардың жұмыс жасауына мүмкіндіктің берілуі жақсы бастама. Бұл көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне өз септігін тигізбек. Алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілегіміз бар. Сондай-ақ, облыстағы өзекті мәселенің бірі – Қызылорда-Ақтөбе бағытындағы күре жолды ІІ категориядан І категорияға көшіру, жол қауіпсіздігі шараларын күшейту. Мен мұны үнемі көтеріп келемін. Осы бағытта да нақты істер қолға алынып, шешімін табады деген сенімдемін.

Балайым Кесебаева,

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<