Әбжіл әрекет қажет

508

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтағы террорлық актіден зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкімі, салалық басқарма мен құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты.

Аймақ басшысы жиын барысында залал келген нысандарды қалпына келтіру мәселелерін шешуге жедел әрекет қажет деп ескертті. Сондай-ақ, жасалған әрбір жұмыс сапалы әрі бұрынғы қалпынан кем болмауы тиіс. 

«Зардап шеккен әкімшілік ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу қажет. Сондықтан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы айқындалған жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен бірлесіп, тиісті шараларды қолға алыңыздар», – деді облыс әкімі.

Жиында сонымен қатар террорлық әрекет салдарынан ғимараттары бүлінген Ішкі істер органдары, облыс әкімінің аппараты және Қызылорда қаласының әкімдігіне мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу жеделдетіліп жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырылды. Ал Соттар әкімшісінің және «Nur Otan» партиясының ғимараттарын жөндеу жөнінде келісім-шарттар жасауды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына жүктелді.

Айта кетейік, шығынды есептейтін арнайы комиссия нысандар бойынша 6 млрд теңге шамасында залал келгенін мәлімдеп отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<