Алғашқы дивидендтер алынуда

1077

0

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ «Бекарыс Агрофуд» ЖШС базасында С.А. Мырзабаевтың «Жаңақорған ауданында қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойының асыл тұқымды тұқымын өсіру» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру туралы бастамасына жәрдем көрсетті. Бұл жоба ӘКК директорлар Кеңесінде 2017 жылдың 21 сәуірінде мақұлданған болатын ӘКК мен С.Мырзабаев арасында ЖШС құрылып, сол жылы 31 шілдеде жоба шеңберінде ЖШС жарғылық капиталы С. А. Мырзабаев үлесінің 60,85% және ӘКК – 39,15% арақатынасында қалыптастырылды.

Бұдан басқа, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Д.К. Шағыртаев және С.И. Шағыртаев арасында асыл тұқымды репродуктор мен ет комбинатын құру жөніндегі жоба іске асырды. Онда жаңадан құрылған «Агролидер Таң» ЖШС бірлескен кәсіпорнының жарғылық капиталындағы жобадағы ӘКК үлесі 42,03% құрайды.

Бүгінгі таңда бұл жобалар толығымен іске қосылып, қаржы-шаруашылық қызметінде оң нәтижелер беруде. Сонымен қатар, жобалар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосуда.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл кәсіпорындар таза пайдаға жетті. Ол пайда құрылтайшылар арасында бөлініп, яғни ӘКК «Бекарыс Агрофуд» ЖШС-нен 1 036 783,00 тенге, «Агролидер Таң» ЖШС-нен 1 372 140,0 тенге көлемінде алғашқы дивидендтерін алды.

Жеңісбек АХМЕТОВ,

«Байқоңыр «ӘКК» АҚ жобаларды талдау және іске асыру басқармасының басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<