Арнайы техникалардың қысқа дайындығы пысықталды

492

0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің техникалық базасын аралады. Қазіргі таңда серіктестіктің теңгеріміндегі техниканың 90 пайызы алдағы маусымдағы ауқымды жұмыстарға дайын.

Ол үшін тыңғылықты даярлық шаралары жүргізілген. Сонымен қатар, мекеме базасына 240 тонна тұз және 1000 тонна құм жинақталған. Шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы серіктестік директорына құм мен тұз қоспасының сапасына ерекше мән беріп, қар тасымалдау сызбасы кестеге сай жүру қажеттілігін тапсырды. Ең басты талап- қар жауған сәттерде тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмыстарына кептеліссіз жетулеріне жағдай жасау үшін көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын таңғы қарбаласқа дейін тазалауды жүктеді.

Соңғы уақыттары тұрғындар тарапынан қала тазалығына қатысты түрлі сыни сауалдар түсуде. Осыған орай, мекемеге қыс мезгіліне дайынбыз деп арқаны кеңге салып отыруға болмайтындығын, күнделікті күш-жігерді тазалық жұмыстарына жұмылдыру қажеттігін тапсырды. Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріп, бағыт-бағдар беруде тиімді тәсілдерді пайдалану керектігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<