Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы және OneWeb британдық 34 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын ұшыру 2021 жылдың 22 тамызы күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 04:13-ке жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін зымыран-тасығышын ұшыру 20 тамызға жоспарланған болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты бір күн кейінге шегерілген еді. Кейінірек жерүсті басқару және ғарыш аппаратын бақылау жүйесінде қосымша жұмыстар жүргізу үшін тапсырыс беруші зымыранды ұшыруды 22 тамызға ауыстыруға өтініш жасаған.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран-тасығышты ұшыру 2021 жылғы 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04-13-ке белгіленіп отыр.
Ұшыру сәтінен тікелей көрсетілім Роскосмостың сайтында және әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. Көрсетілім 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 03:20-да басталады.
Айта кетейік, OneWeb спутниктерінің жаңа партиясы Байқоңырға 2021 жылдың 30 шілдесінде жеткізілді. OneWeb-тің 34 ғарыш аппаратын ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен жүзеге асырылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<