Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов, аудан жастары, еріктілер Арал, Қазалы аудандарында орын алған қуаңшылыққа байланысты мал азығын дайындауға көмек қолын созып, шөп орды.
Осындай қысылтаяң кезеңде елге қолғабыс етуді көздеген жігерлі жастарға аудан басшысы ризашылығын білдіре отырып, сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<