«Болмысы бөлек, тумысы ерек, сөз сардары − Сұлтанәлі»

968

0

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында «Болмысы бөлек, тумысы ерек, сөз сардары − Сұлтанәлі» атты шығармашылық кеш өтті.

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың мерейлі 75 жасына арналғанкешті Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов,

− Жазушы-драматург, профессор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, киелі поэзия, проза әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік әдебиетімен оқырман қауымына танымал Сұлтанәлі Балғабаевтың рухани мұрасы мол. Сол мұрадан жас буын сусындауы қажет, − деді ол.

Кездесу кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры әртістері жазушының «Ең әдемі келіншек» атты пьесасын сахналады. Шара соңында жазушы «Ауыл мен Алматы» атты кітабын кітапханаларға сыйға тартты.

Гүлбану МАҚАЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<