Донор бол, өмір сыйла!

1025

0

Айналамыздағы адамдарға мейір, махаббат сыйлаудың жолы қарапайым. Сауапқа кенелу үшін де үлкен күш жұмсаудың қажеті шамалы. Маңайына шапағатын шашып, қуаныш сыйлап жүретін жандар аз емес. Олар тіпті болмашы ісімен біреуге өмір сыйлап жүргенін сезбеуі де мүмкін. Міне, олар – нағыз батырлар, жанашыр жандар. Қан орталығына қан тапсырған әрбір донор осындай даңққа ие.

Осындай даңққа ие деп мен Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Дәурен Тайырұлын да айтар едім. Оның донор болып жүргеніне 5 жылдан асты. Ол бұл ісін азаматтық борышы деп біледі.

«Ең алғаш  мен әлеуметтік желіде бала жол-көлік апатына түсіп, дереу қан керек екенің оқыдым. Соған шұғыл қан керек болып, қан тапсырдым. Сол оқиғаны көзбен көрген мен донор болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Содан бері екі ай сайын тұрақты қан тапсырып келемін. Бұл адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыратын қайырымды іс екеніне көзім жетті», – дейді жас маман.

Игі іс, еріктіліктің көрінісі бұл. Көпке пайдалы іске сіз де жұмылыңыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<