Ғасырмен үндескен «Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялаудың эксклюзивті құқығын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Project Syndicate авторларының қатарында әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, бизнесмендер, 45 Нобель сыйлығының лауреаты, 111 мемлекет басшысы бар. Жоба материалдары әлемнің 150 еліндегі 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Project Syndicate-те жарық көрген колумнистер мен сарапшылардың ең таңдаулы мақалалары мен пікірлерін, сараптамалары мен шолуларын қалың оқырманға қазақ тілінде ұсынатын боламыз. Бұл қадам еліміздегі медиа кеңістіктің аясын кеңейтіп, жұртшылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қолжетімділігін арттыра түсетіні сөзсіз. Газеттің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте мақалалардың алғашқы легі жарияланып отыр, деп жазады басылым.
Ұлыбританияның 1997-2007 жылдардағы премьер-министрі Тони Блэрдің Африкадағы ауыл шаруашылығына арналған мақаласында әлемдегі азық-түлік тапшылығын болдырмас үшін «қара құрлықтағы» осы саланы дамытудың маңызы туралы айтылады. Аталған мақала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығын дамыту мәселесімен үндеседі. Ал коронавируспен күрес жөніндегі жарияланымда әлемді дүр сілкінткен індетпен тиімді күрес тәсілдері сөз болады», – деп жазады басылым.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<