Ел үшін еңбектенген еріктілер

940

0

Қайтарым күтпестен басқаларға қызмет ету біздің ұлтқа таңсық емес. Замануи трендке айналған «волонтер» ұғымы шетелде пайда болғаны рас. Бірақ қайырымдылықты үнсіз жасайтын қазақ бұрын мұндайды «қарлығаш қанатымен су себу» деп атаған. Биылғы Волонтерлер жылында ауқымды бастамалар жүзеге асуда

 Ерікті болу еріккеннің ермегі емес, кейді тіпті ерлік. Ең бастысы, ол қоғамды өркениетке бастайтын ниеті оң, жүрегі кең адамдардың жұмысы. Тіпті, төтенше жағдай кезінде де волонтерлар елге қолдан келгенше көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мыңнан астам волонтерлер халыққа қолдау танытып, көмек көрсеткенін атап өткен еді.

– Отыз мыңға жуық бетперде тегін таратылып, 10 мыңнан астам коронавирустан сақтану талаптары туралы брошюра үлестірілді. Бетпердені өздері дайындаған волон­терлер де бар. Бірақ, негізінен «Далатекс» тігін фабрикасы алғашқы қадам жасап, мыңдаған бетпердені тегін тігіп, халыққа дер кезінде қолдау көрсетті. Кәсіпкер өнімді да­йындаушы болса, жас волонтерлер соны елге, мұқтаж отбасыларға жеткізуші қызметін атқарды. Ал, кәсіпкер, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Мағжан Ералиевтің қолдауымен 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Жалпы, осындай сындарлы сәтте Сыр бойындағы еріктілер жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын дәлелдеп, елмен бірге болды, – деді ол.

Абай айтқан үш қасиет – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегімен қоғамға қуаныш сыйлап жүрген ерікті жастар барлық аудандарда бар. Айталық, олар мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуден бөлек, басты мәселе баспана салып беру ісімен де айналысып жүр.

Бағжан БАҚЫТЖАНОВА,

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<