Г.Әбдіқалықова: «Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу жалғастырамыз»

848

0

Биыл облыста 1946 пәтерлік 98 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 969 пәтерлік 74-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

-Келесі жылы Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу жалғастырамыз. Өткен жылы «Нұрлыжер» бағдарламасы бойынша 30 жылда алғаш рет 250 пәтерлік бес тұрғын үй салынды.

Кезекте тұрған 1300-ден астам қазақстандықты ескере отырып, Байқоңыр қаласында тағы да елу пәтерлік 5 үйдің құрылысын 2021 жылы бастау туралы шешім қабылданды.

Үкіметтің қолдауы нәтижесінде инженерлік коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін де шешеміз, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<