Көктемгі «Киік» акциясы басталады

615

0

Жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығынан құралған табиғат байлығының ажырамас бөлігі.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу бүгінгінің міндеті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар және Ішкі істер министрлігімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу мақсатында 2022 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.

Көктем кезінде «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу 2022 жылғы 15 сәуірден бастап 15 мамыр аралығында жоспарланған.

Облыс аумағы ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер санатындағы киік жануарларының мекен ету ортасымен өріс аудару жолы болып табылады.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының талабына сәйкес ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салынған.

Алайда, осындай тыйымдармен шектеулерге қарамастан ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер тіркелуде.

Бір бас серке киікті заңсыз аулау салдарынан 6 млн 891 мың 750 теңге, бір бас ұрғашы киікті немесе төлін заңсыз аулау салдарынан 4 млн 824 мың 225 теңге шығын есептеледі.

Табиғат байлықтарымызды келер ұрпаққа сақтап, жеткізу мақсатында қорғауға ат салысу әрбір адамзаттың міндеті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<