Күнбағыс майы неге қымбаттады?

1032

0

Кейінгі кезде бағасы күрт көтерілген өнімнің бірі – күнбағыс майы. Өткен жылы 1 литрінің құны 400 теңгеден сәл жоғары болса, нарықтағы қазіргі бағасы 700 теңгеге жуықтады. Азық-түлік тізімінде алғашқы болып тұратын өнімнің қымбаттауына не себеп болды?


Бұл – бізде ғана емес, барлық өңірде, тіпті әлемде қалыптасқан жағдай. Өт­кен жылдың қазан айы­нан бастап өсімдік майы баға­сының шарықтауына ши­кізаттың қымбаттауы әсер еткені хабарлана бас­тады. Күн­бағыс дақылын өн­ді­ру­де көш бастап тұрған Шы­ғыс Қазақстан облысы жуықта шикізатсыз қалуы да мүмкін. Бұл, әрине, күнбағыс майының қымбаттауына әке­летіні белгілі. Майлы да­­қыл­дар тікелей Қыр­ғыз­станға, Өзбек­стан мен Түр­кияға, Қытайға тасы­мал­данады. Осының салдарынан жергі­лік­ті май зауыттары шикізатсыз қалып отыр.


ҚР Сауда және интеграция министр­лігінің өткен жылы қазанда берген түсін­дірмесінде күнбағыс майы бағасының өсу себебі тұ­қым­ның жетіспеуі, егіс көле­мінің қысқаруы, им­порт­тың азаюынан екені айтылған. Қалай десек те, шикізат тапшылығына орай бұл мәселенің күр­меуі алдағы күзде да­қылдың түсіміне байланыс­ты шешілмек.
Ал Сыр елінде күнбағыс майы өндірілмейтіндіктен, өнім Шығыс Қазақстаннан бө­лек, Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыс­тарынан және Ресейден жет­кізіледі. Сондықтан күн­бағыс өсіруге бейім­делген өңір­лердегі жағдай басқа облыс­тарға да айтар­лықтай әсер етуде.


Баға осылай көтеріле бере ме? Бүгінде облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға енгізу арқылы тұрақтандыру жұмыстарын жүргізуде. Өңірде І категориялы тауық жұ­мыртқасы мен күнбағыс майы­ның ба­ғасы бекітілген шекті мән­­дерінен 15 процент ар­туына байланысты 90 күн бойы жұмыртқаның 10 данасының бағасы 430, ал күнбағыс майының 1 литрі 632 теңге көлемінде шектелмек.


Айта кету керек, Қызыл­орда қала­сының ішкі нары­ғында әлеу­меттік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауа­рының бағасын негізсіз қым­баттатпау және бағаны тұрақтандыру бойынша қала әкімдігі бірқатар кәсіпкермен, тауар жеткізуші кәсіпорын басшыларымен ортақ меморандумға қол қойды.


Жұмыртқа мен күнбағыс майын да шекті баға арқылы осы сауда орындарынан алуға болады. Сондай-ақ, тұрғындарды нарық баға­сынан 10-15 процентке төмен­детілген өніммен қам­тамасыз ету үшін ірі сауда орындарында әлеуметтік сө­релер орналастырылған.


Бүгінгі күні тұрақтандыру қорының өнімдері мен заем берілген 4 кәсіпкерлік субъектісі арқылы алынып жатқан өнімдер Қызылорда қаласындағы 29 әлеуметтік дүкен мен 1 әлеуметтік маркетте және «Қызылорда Оптомаркет», «Ажар сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» супермаркеттеріндегі келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда.

Айдана ЖҰМАДИНОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<