Қызылорда қаласының тұрғыны Назым Анарбекқызы 2019 жылы «Брусчатка өндіру» жобасын ұсынып, «Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы бойынша «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 10,0 млн.теңге қаражат алып, отбасылық кәсіпті қайта жандандырды.
Өнімділікті арттыруды мақсат еткен жас кәсіпкер, бөлінген қаражатты бокс салуға және әрі өнімдерді тұтынушыға жеткізіп беру үшін жүк көлігін, басқа да техникаларды алуға бағыттаған. «Брусчатка KZO» ЖК қазіргі таңда 10 адамды жұмыспен қамтуда.Өндіріс орнында тапсырысқа орай күніне брусчатканың 60 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі аралықта шығарады.
Өнімге жеке мекемелер мен білім ордаларынан сұраныс жоғары екендігін айтқан жас кәсіпкердің әкесі Анарбек Күнтуаров кәсіпті жетілдіру бағытындағы жоспарымен бөлісті.Айта кету керек, шаһарда биылғы жылдың өзінде «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 207 млн. 540 мың теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды.
Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 357 жоба қолдау тапқан.«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске асырылған мерзімнен бері қала бойынша жоба құны 17,0 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, екінші деңгейлі банктерде 640,0 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары әзірленуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<