Министр Қамбаш көлі мен Көкарал бөгетінің жағдайымен танысты

798

0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қамбаш көлі мен Көкарал бөгетінің жағдайымен танысты.

Атап өтейік, Сырдария өзені орталық атырауының оң жағалауын алып жатқан Қамыстыбас өзен жүйесінің экологиялық және халықшаруашылықтық мәні зор. Судың аз болуы кезеңі әсерінен Сырдария өзені бассейні соңғы 2 жыл бойы «қоректенбеген». Сол себепті көлдің тек жартысы ғана толып, су жағалаудан 200-300 метрге алыстап кетті.

Мағзұм Мырзағалиев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті халықпен, мамандармен кездесіп, су проблемасына қатысты ұсыныстарды тыңдады.

«Су шаруашылығына қатысты жағдай қиын. Шұғыл шаралар қабылдау қажет. Сырдария өзенінің Аманөткел ауылы маңында су торабын салу мәселесін қарау керек. Бұл Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелеріндегі су деңгейін ұстап, толтырып отыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.
Сонымен бірге министр Көкарал бөгетін де тексерді. Қазіргі уақытта бөгеттің бұзылған 135 метр жерін қалыпқа келтіру үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр, оның әрі қарай бұзылмауының алдын алу шаралары да жасалады. Жоба Көкарал бөгетін сақтап қалуға, осылайша 27 млрд.м³ куб суымен Кіші Арал теңізін де ұстап тұруға мүмкіндік береді.

«Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі судың азаюы өңірдің ауылшаруашылық саласына айтарлықтай қиындық келтіруде. Облыстың негізгі шаруашылығы суды көп қажет ететін күріш егісі екенін жақсы білесіздер. Алайда біз жылдан жылға күріш егісінің көлемін азайтып, ауылшаруашылық саласын әртараптандыруды бастадық. Осылайша суды үнемдеудің жолдарын қарастырып жатырмыз»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<