Нұрлыбек Нәлібаев: «Індетпен күресте ынтымақ керек»

1477

0

Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерімен кездесу барысында айтты.

Күні кеше ғана дәрігерлермен арнайы кездескен шаһар басшысы ауруханаға не қажет, қандай тапшылық барын біліп, шұғыл түрде кәсіпкерлерге үндеу тастап, науқастарға қажетті оттегі концентраторын алып беруге және дәрігерлерге материалдық көмек көрсетуге ықпал жасады.

Нұрлыбек Нәлібаев: "Індетпен күресте ынтымақ керек"

Кездесу барысында қала әкімі қазіргідей қиын уақытта адам жанына араша болу үшін жылдам әрекет ету керек екенін алға тартты. Бүгінгідей жомарт азаматтардың көмегімен оттегі тапшылығының шешілгенін, денсаулығын қауіп-қатерге тігіп жүрген қызметкерлерге де қолдау көрсетілетінін және алдағы уақытта жалғасатынын, «індетпен күресте ынтымақ керек» екенін жеткізді.

Жұқпалы аурулар ауруханасына «Олжас» ЖШС директоры Талғат Жұматов 2 млн. 800 мың теңге қаражатымен демеушілік көрсетті. Жеке кәсіпкер Талғат Тасболатұлы 1 млн. 700 мың теңге тұратын оттегі концентраторын тарту етсе, 1 млн. 100 мың теңгеге 7 тонна жанар-жағармай өнімдерін табыстады. Қазіргі таңдағы ахуалға сай өкпесі қабынған науқастардың қатары көбейіп, жасанды тыныс алу құрылғысына деген сұраныс артқан. Жаңа концентратор енді науқастардың еркін дем алып, тыныс жолдарының жұмысын жақсартады.

Нұрлыбек Нәлібаев: "Індетпен күресте ынтымақ керек"

Ал «Яссауи» ЖШС директоры Кахар Дадашов індетпен күресте аянбай атсалысып, алғы шепте жүрген дәрігерлерге 1 млн. теңге қаржылай қолдау білдірді. Күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға 100 мың теңгеден үлестірілді. Игі бастама иелері өзге кәсіпкерлерді індетпен күресте белсенділік танытып, бірге болуға шақырды.

Елімізде күн сайын індеттің белең алып бара жатқаны белгілі. Осы орайда әркім қолынан келгенін жасап, індетпен күреске үлес қосуы керек деп ойлаймыз. Біздің бұл ісімізді басқа да кәсіпкерлер қолдаса екен дейміз», – деді, «Олжас» ЖШС директоры Талғат Жұматов.

Нұрлыбек Нәлібаев: "Індетпен күресте ынтымақ керек"

Өз кезегінде жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова ұжымы атынан күрделі кезеңде қол ұшын созып жатқан жандарға және жан-жақты қолдау жасауға ықпал етіп отырған аймақ басшысы мен қала әкіміне ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін вируспен күрес үшін аймағымыздағы тағы 7 жеке кәсіпкер белсенділік танытып, 8 млн. аса қаражат көлемінде қолдау білдірген болатын.

Оның ішінде «Мағжан и К» шаруа қожалығының басшысы Мағжан Ералиев 1 млн. 100 мың теңгеге 700 дана толтырылған оттегі баллондарымен және арнайы 50 дана қорғаныш киімдерімен, көлікпен қамтамасыз етті. «Ақтөбе и К» қожалығының басшысы Н.Іздібаев 700 дана, жеке кәсіпкер Н.Байжігітов 50 дана тегін оттегімен, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов оттегі баллондарын толтыруға 1 млн. теңге қаржылай көмек көрсетті.

Бұдан бөлек, «Өмірзақ» ЖШС құрылыс компаниясы 2 млн. теңге қаржылай көмектессе, «Ел Арай» ҚБ басшысы А.Байдәулетов тасымал қызметін тегін жүргізіп жатыр. «Абай-Дәулет» шаруашылығының басшысы Мұрат Сәрсенбаев 3 млн. 200 мың теңге бөліп, қала аумағындағы медициналық ұйымдарды қосымша құрылғылармен қамтамасыз етті.

Бұл – қала әкімдігі мен жеке кәсіпкерлердің бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<