Облыс әкімі ұстаздар қауымын құттықтады

965

0

Берекелі күздегі қазан айының алғашқы жексенбісінде ұстаздар күнін атап өтіп, ұлағатты мамандық иелеріне арналған салтанатты шараға қатысып, Сыр жұртшылығы атынан ілтипатымды білдірдім. Оқушы жүрегіне ізгілік дәнін сепкен ұлағатты, парасатты жандарды құттықтау – азаматтық және шәкірттік парызымыз.

Биыл алғаш рет саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Төлепберген Қасымов пен Марк Подольский ұстаздарымызға облыстың Құрметті азаматы атағын табыстадық. Бұл үрдісті дәстүрге айналдыратын боламыз.

Облыс әкімі ұстаздар қауымын құттықтады

Төл мерекеде еңбегімен елге танылған, абырой арқалап, шәкіртімен мерейі артқан бірқатар ұстаздарға марапат табыстадық. Ал, жыл қорындысымен үздік нәтиже көрсеткен 10 мұғалімге 900 мың теңгеге жуық қаржылай сыйақы беру рәсімін өткіземіз. Қадірлі ұстаздар! Мерейлі сәтте барша Сыр ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, терең білімді ерен еңбекпен ұштастырып, Әділетті Қазақстанның перзенттерін жаңашыл, жаңғырған болмыста тәрбиелеуде мықты денсаулық, қажырлы күш- қайрат, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<