Өңірде игі бастама көп

778

0

Сыр өңірінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде көптеген жұмыс атқарылып жатыр. облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Жолдауы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, негізгі тірек салалардағы даму көрсеткіштерді баяндады. Айта кетерлігі, аймақ басшысы рухани құндылықтарды насихаттау бағытында өткізіліп жатқан тағылымды шараларға да тоқталды.

Айталық, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Сыр өңірі фольклоры антологиясының І томы – «Жанқожа батыр» жарыққа шықты.

Биыл атақты күрішші, «дала академигі» Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы аталып өтіліп, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығы аясында Қазалы ауданында ескерткіш орнатылады. Сонымен қатар, Бәбіш мола, Жанкент және Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жалғасуда. Бұл – Сыр өңірінің рухани өмірінде орын алып жатқан елеулі шаралардың бір тармағы ғана. Іскерлік пен қабілет талай игі бастамаға мұрындық болуда. Бұл үрдіс жалғасын таба береді деп сенеміз.

Нұрлыбек МЫҢЖАС,

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<