Өңірлік кеңес құрамы іріктеледі

954

0

Қызылордада кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлер үгіт-насихат кампаниясын өткізуде.

25 шілдеде басталған насихаттық жұмыстар 3 тамызда бітеді. Үгіт науқаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, іс-шаралар, үгіт материалдарын шығару, тарату жолымен жүргізіледі.

Айта кету керек, кеңеске мүшелікке облыстан 37 кәсіпкер үміткер ретінде тіркелді.

Олар:

  1. Балмаханов Балахан Майданбайұлы, жеке кәсіпкер (Қармақшы ауданы);

2. Бисембаев Темір Алдажұмаұлы, «Т-Т ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» ЖШС директоры (Арал ауданы);

3. Мишукова Наталья Валентиновна, «Мансап Қызылорда» ЖШС құрылтайшы (Қызылорда қаласы);

4. Махатова Дина Ордабекқызы, «АС-КА» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

5. Нұрхожаев Болат Жолтайұлы, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);

6. Өтеев Мнажадин, «Сыр маржаны» ЖШС директоры (Қазалы ауданы);


7. Абдраимова Гүлзағира Оралбайқызы, «ҚазСпецСтройЭкспертиза» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

8. Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры, (Қармақшы ауданы);


9. Бекмұрзаева Гүлнар Шәкімқызы,«ГҮЛСЕЗІМ» балабақшасының құрылтайшысы (Жалағаш ауданы);

10. Жайсаңбаев Рахат Бақытұлы, «MASSAGET GROUP» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

11. Әбдіқадырова Айткүл Әлиқызы, «ҰСТА СӘМІ» ЖК-нің басшысы (Шиелі ауданы);

12. Раимов Ерлан Қаниұлы, «РАИМ» ЖШС-нің құрылтайшысы (Қызылорда қаласы);

13. Ирюков Кенжебек Сисенұлы, жеке кәсіпкер (Байқоңыр қаласы);

14. Абызов Ділмұхамед Мнуарбекұлы, «DALATEX» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

15. Асенов Аблан Мұсабекұлы, жеке кәсіпкер (Жаңақорған ауданы);

16. Рахменов Серік Дәуренбекұлы, ЖК «АЙЛИН» басшысы (Қызылорда қаласы);

17. Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы, «АБАЙ ДӘУЛЕТ» ЖШС құрылтайшысы (Сырдария ауданы);

18. Курбанов Шамсудин Магомедович, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);

19. Прекешов Ғалым Маратұлы, «NP-CONSULTING» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

20. Нұрымбетов Жанарбек Сражұлы, «Ысамаддин» шаруа қожалығының басшысы (Сырдария ауданы);

21. Жұмадияров Сейіл Бухарбайұлы, «АСАР ПЛЮС» ЖШС бас директоры (Байқоңыр қаласы);

22. Боранбаев Қайрат Жомартұлы, «НУРЛЕН» ЖШС басқарма төрағасы (Қызылорда қаласы);

23. Ерәлиев Мағжан Абзалқлы, «Абзал и Компания» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

24. Еспенбетов Манарбек Нағымұлы, «ПРОМСТРОЙСЕРВИС.Е» ЖШС бас директоры (Қызылорда қаласы);

25. Дәуленбаев Әнуар, «ЕР-АН» шаруа қожалығының басшысы (Қармақшы ауданы);

26. Жолболдиев Серік Қыдырқожаұлы, «МЕДИЦИНСКИЙ ЦЕНТР INTER» ЖШС директоры (Қазалы ауданы);

27. Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы, «СМП-КЫЗЫЛОРДА» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

28. Байешов Арман Әбдімәуленұлы, ФИРМА «KAZROSKIT» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

29. Алмашева Манат Тамабайқызы, «LAB SERVICE COMPANY» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

30. Иса Арман Қайратұлы, «EXCLUSIFF GROUP» ЖШС құрылтайшысы (Қызылорда қаласы);

31. Мырзалиев Серік Кенжетайұлы, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);

32. Тұрсынбай Абылайхан Бақытжанұлы, «ШЫНАР ПРОЕКТ И КОМПАНИЯ» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы);

33. Булегенова Сәуле Бақытжанқызы, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);

34. Базарбай Раушан Ахметуллақызы, «САНА-СЕЗІМ» орталығы» ЖШС басшысы (Қызылорда қаласы);

35. Әбілтай Ғизат Майданұлы, «КЫЗЫЛОРДА-АГРОСЕРВИС» ЖШС құрылтайшысы (Қызылорда қаласы);

36. Бекішев Жаңабай, жеке кәсіпкер (Қызылорда қаласы);

37. Тілеулиев Бибітәлі Дербісалыұлы, «СЫР ЖОЛДАРЫ»ЖШС директоры (Қызылорда қаласы).


Естеріңізге салып өтейік, 5-11 тамыз аралығында «дауыс беру» өткізіледі. Дауыс беру рәсімі онлайн режимде www.vote.atameken.kz интернет-порталында жүргізіледі.


Дауыс беруге облыс аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар қатыса алады. Әрбір кәсіпкерлік субъектісі, қауымдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар бірінші басшы немесе арнайы өкілі арқылы бір кандидат үшін дауыс бере алады.


Дауыс беру үшін сайттағы «дауыс беру» бөлігіне өту қажет. Сол жерден Қызылорда облысын көрсетіп, үміткер таңдалады. Үміткердің аты-жөнін басу арқылы бағдарламасымен танысуға болады. Үміткер үшін дауысты sms немесе электронды цифрлық қолтаңба арқылы беруге болады. SMS арқылы дауыс беру үшін ұйымның БСН, ЖСН нөмірлерін, дауыс берушінің телефон нөмірі көрсетіледі. Содан соң нөмірге келген sms кодты енгізу қажет. ЭЦҚ арқылы дауыс беру үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті. Дауыс беру смартфон арқылы да қол жетімді. Дауыс беру процесі небәрі екі минуттай уақыт алады.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<