Отандық өндірушінің орны бөлек

466

0

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингті «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы туралы ақпар беруден бастады. 2019 жылы бастау алған бағдарламаның мақсаты – импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнімдермен алмастыру және өнімнің басым түрлерін шығаратын отандық тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету.

Басқарма басшысы атал­ған бағдарлама бойынша не­сиелендіру шарттарына бір­қатар түзетулер енгізілге­нінен ха­­бардар етті. Атап айтқан­да, кәсіпкерлерді несиелеу мөл­шерлемесі жылдық 8%-тен 6%-ке төмендетіліп отыр. Жеңілдік кезең енді несие мерзімінің 1/3 бөлігіне берілетін болады. Сондай-ақ қарыз сомасының 50%-не дейін кепілдік беру енгізілген. Айналым қаражатын қарыз сомасының 50%-не де­йін толықтыру мүмкіндігі қа­рас­тырылады. Клиенттер үшін кепілзаттық саясаты же­ңілде­тілген. Мысалы, 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейінгі несиелер бойынша кепілдік мөлшері 30%-ке дейін ұлғайтылды. Ал жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50%-тен аспайтын кәсіпорындарға бағдарламаға қатысуға рұқсат беріледі. Екін­ші деңгейлі банктер мен «Аг­рарлық несие корпорациясы» облигацияларын сатып алу мер­зімдері 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылған.

Спикер журналистерге бағ­дарламаның орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында жобалық кеңсе жұмыс жасайтынын жеткізді. Облыс бойынша жобалық кеңсе аясында жалпы құны 12,9 млрд теңге құрайтын 161 жоба қамтылған. Қазіргі таңда құны 8,7 млрд теңге болатын 110 жоба мақұлданған. Оның ішінде Қызылорда қа­ла­сында 38, Шиелі мен Жаңа­қорған аудандарында – 16 жо­бадан, Сырдария аудандарын­да 9, қалған аудандарда 7-8 жо­бадан қамтылған. Осы жоба­лардың іске асырылуымен бе­­тон құбырлары, жемшөп өнім­дері, ұзақ уақытқа арналған ұн­нан жасалатын кондитерлік өнімдер өндірісін құру, жиһаз өнімдерінің ассортиментін ке­ңейту күтілуде. Мақұлданған жо­балардың ішінен жалпы құ­ны 1,2 млрд теңгені құрайтын 76 жоба мал шаруашылығын дамы­туға бағытталып отыр.

Бағдарламаның екінші бағы­ты – жергілікті қамтуды дамыту. Р.Сұлтангереев осы орайда Үкімет жыл сайын тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін 20%-ке арттыру міндетін қойып отырғанын мәлімдеді.

Журналистерді қызықтырған мәселе шыны зауытының құры­лысы болды. Басқарма басшысы шыны зауытында жұмыстардың 70% аяқталғанын айтты. Оның пешін құрастыратын шетелдік мамандардың келуіне панде­мия бөгет

болды. Енді наурыз айында оларды елге кіргі­зу­ге мүмкіндік болады деп бол­­жануда. Мұның бәрі сәтті бол­ған жағдайда екінші жарты­жыл­дықта зауыттағы жұмыс аяқ­та­луы тиіс.

Басқарма басшысы зауыт орналасқан индустриялық ай­мақ­та шыны-пластикалық құ­быр, шыны талшықтар, айна, шыны ыдыстар өндіруге бағыт­талған ілеспе жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүр­гізіліп жатқанын мәлім етті. Олар болашақта зауыттағы шы­ны қалдықтарын, шыны сы­нық­тарын шикізат ретінде пайдаланатын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<