Арал ауданында блок посттар әлі тұр, Қамбаш көліне баруға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.
«Көршілес аудандағы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр. Осыған орай індеттің таралуын тежеу, алдын алу мақсатында 31.05.2020 жылы Арал ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №9 қаулысы қабылданды.
Соған сәйкес Арал ауданында орналасқан блок-посттар алынған жоқ. Қамбаш көліне баратын жолдар да жабық.
Сондықтан карантин талаптарын сақтап, Қамбаш көліне бармауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сб-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<