Қызылорда облысы көлемінде ағымдағы жылдың 1 маусым – 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.
Іс-шара есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы және т.б. қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<